ӨнімдерТоқыма және сау ұйқы

Жібек көрпе:
1. Тенсель: Денеге жұмсақ жылу сезімін сыйлайды. Температураны маусымға және қоршаған орта температурасына байланысты реттейді. Антистатикалық қасиеттерге ие. Жылуды жақсы сақтайды. Дәстүрлі қытай мәдениетінде мұндай жылу Инь мен Ян үйлесімімен байланыстырылады. Қолдануда өте жайлы. Жоғары ауа өткізгіштік дәрежесі. Ылғалды сіңіреді. Тітіркену тудырмайды. Айналадағы ауаны сергітеді.
Fohow компаниясы Сізге сау ұйқының Интеллектуалды жүйесін ұсынады: иондау және ИҚ-сәуле шығару функциясы бар керемет жібек көрпе. Жібек пен тенцельден жасалған бұйым - матаға ерекше қасиеттер беретін минералдар мен табиғи компоненттердің нанобөлшектерін жіпке тоқу әдісімен талшықтарды нанотехнологиялық өңдеу саласындағы ең жаңа әзірлеме.
Көрпенің функционалды қабаты адам денесімен жанасқанда пьезотермиялық және пьезоэлектрлік реакция жүреді - ұзын толқынды ИҚ-сәуле шығару пайда болады және теріс зарядталған иондар (аниондар) бөлінеді.
Бұл көрпе тіпті демалыс кезінде де Сіздің жайлылығыңызға қамқорлық жасайды: жібек көрпе денеге жұмсақ, біркелкі жылу сыйлайды және ұйқы кезінде босаңсып, тыныш демалуға көмектеседі. Теріс зарядталған иондар ауаны сергітеді. Жоғары сапалы тенцель мен ұстағанда нәзік өрнекті жібек жібек көрпені қымбат әрі қалаулы сыйлыққа айналдырады!
Өлшемдері: 150 x 215 см.
Сақтау тәсілі: қалыпты температурада, құрғақ жерде сақтаңыз.
Өнім құрамы: ұзын толқынды инфрақызыл сәуле шығару және иондалған бөлшектер функциясына ие талшықпен үйлескен табиғи жібек.
Бұйымның сыртқы материалы: тенсель 60%, ұзын талшықты мақта 40%
Өнімді қолдану:
1. Тенсель: Бұл - эвкалипт ағашының жас өркендерінен алынған жоғары сапалы целлюлозадан ерекше күрделі нанотехнология бойынша өндірілетін және төсек-орын жасауға пайдаланылатын табиғи шикізаттан жасалған жаңа талшық. Тенсель материалы - бактериостатикалық, экологиялық, теріге нәзік, жоғары беріктік пен серпімділікке ие, көп рет жуғаннан кейін де өз қасиеттерін жоғалтпайды.
2. Жібек: Тұт жібек құртының пілләні тоқығанда бөлетін «жібек сұйықтығынан» жасалады, ол кейіннен қатып, үздіксіз ұзын жіпке айналады. Адам пайдаланатын жануар тектес алғашқы талшықтардың бірі болып табылады. Табиғи жібек - жұқа, жұмсақ, жеңіл табиғи талшық, әлемде «адамның екінші терісі» деген атпен, ал кәсіби салада "Император талшығы" деген атпен белгілі. Табиғи жібек - ең жұқа табиғи протеин талшығы, жібек талшықтарының құрылымы адам терісінің құрылымына 87 % жақын; аминқышқылдарын қамтиды, ылғалды сіңіру және температураны маусымға және қоршаған орта температурасына байланысты реттеу сияқты ерекше қасиеттерге ие. Жібек - жоғары сапалы эксклюзивті бұйымдар шығарылатын құнды материал. Жібек сапалы әрі құнды табиғи ресурс болып саналады. Көрпе құрамындағы жібек жұмсақ әрі жағымды, жоғары ауа өткізгіштік дәрежесіне ие, жылуды тамаша сақтайды, тітіркену тудырмайды, антистатикалық қасиеттерге ие, қолдануда өте жайлы.
3. ИҚ-сәуле шығару: Функционалды қабат адам денесімен жанасқанда пьезоэлектрлік және пьезотермиялық реакция жүреді, яғни толқын ұзындығы 4-14 микрон ұзын толқынды ИҚ-сәуле шығару және теріс зарядталған иондар пайда болады. ИҚ-сәулелердің сәуле шығару қабілеті 86%-дан асады, соның арқасында көрпе жұмсақ, терең жылу мен жайлылық сезімін сыйлайды. Пайда болған аниондар айналадағы ауаны сергітеді.
Жуу бойынша ұсыныстар:
Хлорсыз нәзік жууға арналған сұйық құралдарды пайдаланыңыз. Судың температурасы 30*-тан жоғары емес. Кез келген жуу қолданылады, бірақ тек қолмен сығу. Тікелей күн сәулесінің астында кептіруге болмайды, тек көлеңкеде немесе желде.
Өнім ұсынылады:
Жылы, жайлы әрі тыныш ұйқыны бағалайтын барлық адамдарға.
Дәрілік зат болып табылмайды. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Fohow өнімдері дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Егер сізде шағымдар немесе созылмалы аурулар болса, алдымен маманмен кеңесіңіз.
