ӨнімдерҚұрылғылар мен физиотерапия

Fohow фасциалды массажері - бұлшықет талшықтары мен фасцияға терең әрі қарқынды массаж жасауға мүмкіндік беретін аспап.
Массажердің жұмысының негізгі принципі
Арнайы қондырманың көмегімен аспап бұлшықеттерге әсер етіп, оларды босаңсытады, қанның келуіне және тіндердің оттегімен қанығуына ықпал етеді. Массаж шаршауды, бұлшықет кернеуін және жүктемелерден кейінгі жайсыз сезімдерді басуға көмектеседі.
Қолдану тәсілі
1. Шаршау мен кернелуді басу, бұлшықеттерді босаңсыту.
Таңертең оянғаннан кейін аспаппен массаж жасау керек. Массаж бүкіл күнге күш пен жеңілдік береді.
Жұмыс күнінен кейін шаршауды басу үшін аспапты кешке пайдалану керек.
2. Спорттық жаттығулардан кейін.
Дене жүктемелерінен кейін бұлшықеттерді өңдеу жеңілдікті тезірек сезінуге және жаттығуларды ыңғайлырақ етуге көмектеседі. Спортшылар кәсіби массажистердің қызметін жиі пайдаланады, ал ондай мүмкіндік болмаса, аспап үй жағдайында өз бетінше терең массаж жасауға көмектеседі.
3. Бұлшықеттер шаршап, қозғалыс шектелгенде
Бұлшықеттер «қатып», қозғалыс шектелгенде, массаж оларды босаңсытып, жеңілдік пен қозғалыс еркіндігі сезімін қайтаруға көмектеседі.
Сипаттамалары
Аспаптың 4 жұмыс режимі бар:
• 1 - босаңсытатын массажға арналған;
• 2 - қуаттырақ режим бұлшықеттердің терең қабаттарын илейді.
• 3 - спорттық жүктемелерден кейін, бұлшықеттердегі кернелу мен жайсыздық сезімі кезінде пайдалану үшін оңтайлы. Қарқынды әсер жаттығудан кейін бұлшықеттерді тезірек босаңсытуға көмектеседі.
• 4 - тығыз, қатты кернелген бұлшықеттерді терең өңдеуге арналған барынша қуатты діріл.
БІРАҚ, массажерді пайдаланудың басында әсерді бірінші, ең аз қарқынды режимнен бастаған дұрыс, біртіндеп қуаттырақ әсерге көшкен жөн.
Аспаппен бірге жинақта 4 қондырма бар:
• бірінші үлкен домалақ қондырма арқа, кеуде, аяқ бұлшықеттерін өңдеуге арналған;
• екіншісі - табан, омыртқа, мойын үшін;
• үшіншісі - балтыр, қол және іш үшін;
• төртінші қондырма нүктелік массажға арналған және дененің кез келген бөлігінде пайдаланылуы мүмкін.
Массаждық аспапта ағза жасушалары табиғи түрде қабылдайтын оңтайлы діріл жиілігі қолданылған. Ол 1 минутта 1600-1800 тербелісті құрайды. Бұл ретте әр режимде массажердің тербеліс жиілігі тұрақты, бұл ағза үшін ыңғайлырақ.
Дірілді массажердің тағы бір ерекшелігі - тыныш, шусыз жұмыс. Оны айналасындағыларға кедергі келтірмей, мүлдем кез келген жерде пайдалануға болады.
Әр аспапта пайдалану мен күту бойынша толық нұсқаулық бар. Оны пайдалануға кіріспес бұрын сақтық шаралары мен пайдалану ережелерімен мұқият танысу ұсынылады.
Дәрілік зат болып табылмайды. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Fohow өнімдері дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Егер сізде шағымдар немесе созылмалы аурулар болса, алдымен маманмен кеңесіңіз.
